Виртуалды Басқару серверлері

Физикалық Басқару серверінің шеңберінде бірнеше виртуалды Басқару серверлерін құруға болады, олардың көпшілігі қосалқы Серверлерге ұқсас. Қатынасуды бақылау тізіміне (ACL) негізделген қатынасуды бөлу моделімен салыстырғанда, виртуалды Серверлер моделі анағұрлым функционалды болып келеді және оқшаулаудың үлкен дәрежесін ұсынады. Саясат пен тапсырма құрылғыларына тағайындауға арналған басқару топтарының құрылымынан басқа, әрбір виртуалды Басқару серверінің өзіндік тағайындалмаған құрылғылар тобы, өзіндік есептер жиынтығы, құрылғыларды таңдау және оқиғалар, орнату пакеттері, жылжыту ережелері және т.б. бар. Виртуалды Басқару серверлерінің функционалдығы, әртүрлі клиенттерді бір-бірінен барынша оқшаулау үшін провайдерлер (xSP) тарапынан, сондай-ақ күрделі құрылымы және көптеген әкімшілері бар ірі ұйымдар тарапынан қолданылуы мүмкін.

Виртуалды Серверлер көбінесе қосалқы Басқару серверлеріне ұқсас болып келеді, алайда олардың келесі айырмашылықтары бар:

Басына оралу